Еуропа тұрғындары қаңтардың алғашқы күндерінен бастап суық ауа райынан зардап шегіп отыр. Температураның төмендеуіне Скандинавиядан келген суық ауа массасы ықпал еткен. Польшаның бір өзінде сынап бағанасы минус 20 градусқа түсіп, 10 адам қайтыс болды. Ал, Италияда қалың қар жауып, 7 адам көз жұмып, Болгарияда суықтан бірнеше босқын қаза тапқан.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ