Түркияның Стамбул қаласында Президент кортежі апатқа ұшырады. Оқиға Реджеп Тайып Ердоған Ақсарайдан Мармара университетіне жұма намазына бара жатқан кезде болған. Онда кортеждің шағын автобусы мен екі жеңіл көлік соқтығысып, Президент күзетінің 4 тәртіп сақшысы зардап шекті.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ердоған мінген көлікке зақым келмеген. Қазір оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеп, апаттың себептері анықталып жатыр.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ердоған мінген көлікке зақым келмеген. Қазір оқиға орнында жол полицейлері жұмыс істеп, апаттың себептері анықталып жатыр.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ