Қостанай облысында жемқорлықпен күреске мемлекеттік органдармен қатар, қоғамдық ұйымдар, белсенді жастар орталықтары және БАҚ өкілдері жұмылдырылған.
Тамыры терең кеселді жою үшін түрлі формадағы тың тәсілдер қажет. Осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбіту үшін «Құқықтық Қазақстан» республикалық азаматтық қозғалысы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал төрағасы Михайл Дәуенов және ҚХА Қостанай облыстық филиалы Ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Әлімжан Бекмағамбетов тікелей байланыстағы сұхбатқа шақырылды.