«Нұр Отан» жемқорлармен сатираның көмегімен күреспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» жемқорлармен сатираның көмегімен күреспек

24.01.2014
«Нұр Отан» жемқорлармен сатираның көмегімен күреспек
 
 «Нұр Отан» партиясы жемқорлармен «Ара» (Шмель) сатиралық журналы арқылы күреспек, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
 
«Ара» журналын қайта қалпына келтіру мәселесі шешілуде», - дейді  «Нұр Отан» партиясының жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес Республикалық қоғамдық кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов.

Аталған қоғамдық кеңестің тағы бір мүшесі баспасөзге фельетон басумен қатар телеарналарда жемқорлық фактілері туралы сатиралық журнал жасау керектігін ұсынды. Жиналыс барысында мұндай шаралар жемқорларға әсер ететін құрал болу керек екені айтылды.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Ерімбетов болса,  «Нұр Отан» партиясы жемқорлардың өмірі, жазасы туралы телевизиялық бағдарлама аша алатынын айтты. «Бүгінде олар (жемқорлар ред.) жариялылықтан қорқады», - дейді ол.

Хабарламаларға жазылу