Германияның ескек есу құрамасының жаттықтырушысы Рио-де-Жанейродағы жол-көлік апатынан кейін қаза тапты. Таксиде отырған Штефан Хенце басынан күрделі жарақат алған, деп хабарлайды Германиялық Олимпиада қоғамына сілтеме жасаған «Focus» журналы.
Оқыс оқиғадан кейін Хенце дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда, онда неврологиялық бөлім болмаған. Нәтижесінде Хенцені 20 шақырым жердегі өзге бөлімге апаруға тура келген. Жаттықтырушы бірнеше күн бойы ауыр халде жатқан еді. Штефан Хенцемен бірге таксиде Германия құрамасының тағы бір мүшесі Кристиан Кединг болған. Кединг жеңіл-желпі жарақат алып, бүгінде ауруханадан шықты.
tass.ru