Сейшел Аралдары Республикасы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейшел Аралдары Республикасы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растады

22.06.2016
Сейшел Аралдары Республикасы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатынын растады

Сейшел Аралдары Республикасының астанасы Викторияда Қазақстан Республикасының арнайы өкілі Бағдад Әміреев елші аталған елдің Сыртқы істер министрі Джоел Морганмен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Сейшел арасындағы түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар проблема төңірегінде пікір алмасты.

Сейшел министрі өз елінің «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын растап, осы іс-шара қайта қалпына келетін энергия, сондай-ақ ғылым мен жаңа технологияларды дамыту салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты бастауға мүмкіндік беретіндігіне үміт білдірді. Сондай-ақ, ол екі елдің туризм саласындағы дамуын құптайтынын айтты.

Хабарламаларға жазылу