Парижде террористік актіні жоспарлаған күдіктіге айып тағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парижде террористік актіні жоспарлаған күдіктіге айып тағылды

31.03.2016
Парижде террористік актіні жоспарлаған күдіктіге айып тағылды
34 жастағы француз Крике қару-жарақ және жарылғыш заттарды сақтады, тасымалдады, жалған құжаттарды иеленді деп айыпталып отыр.

Франция астанасында жаңа теракт жасамақ болды деген күдікпен ұсталған Реда Крикеге бірнеше бап бойынша айып тағылды. Бұл туралы Париж прокуроры Франсуа Моленс мәлімдеді.

Өткен аптада полицияның қолына түскен 34 жастағы француз Крикеге қару-жарақ және жарылғыш заттарды сақтады, тасымалдады, жалған құжаттарды иеленді деген кінә тағылып отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу