Қытайда екінші адамнан Зика вирусы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда екінші адамнан Зика вирусы табылды

16.02.2016
Қытайда екінші адамнан Зика вирусы табылды
28 жастағы пациент қауіпті инфекцияны Венесуэлаға барғанда жұқтырған.

Қытайда екінші адамнан Зика вирусы табылды. Мұны осы елдің Сапаны бақылау, инспекция және карантин жөніндегі бас әкімшілігі хабарлап отыр.
28 жастағы пациент қауіпті инфекцияны Венесуэлаға барғанда жұқтырып, елге ақпанның 9-да Ресей мен Нидерланды арқылы оралған.

Қазір оның дене қызуы қалыпқа келіп, денсаулығы жақсарған. Бұған дейін Қытайда 34 жастағы азаматтың осы ауруды Латын Америкасынан әкелгені белгілі болған еді.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу