Эбола індеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын «өтірікші» қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эбола індеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын «өтірікші» қылды

15.01.2016
Эбола  індеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын «өтірікші» қылды
Эбола  індеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын «өтірікші» қылды

Кеше Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африка құрлығында эбола індетінің жайылуын толық тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Ұйым өкілдері бұл індеттің ошақтары саналған Либерия мен Батыс Африкада соңғы 42 күнде індет жұқтырған бірде-бір адам тікелмегендігін айтқан. Бірақ, бүгін Сьерра-Леонеде көз жұмаған азаматтың эбола дертін жұқтырғаны белгілі болды.

Екі жылда Африка құрылығының батыс бөлігінде 11 300 ден астам адамның өмірін қиған індет соңғы жылдарда тіркелген аса қауіпті жұқпалы дерт ретінде бағаланған болатын. Тіпті, эбола вирусын жұқтырғандар Еуропа елдері мен мен Канадада да кездескен. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетпен күресті сәтті ұйымдастыра білді. Эболаға қарсы түрлі вакциналар жасалды. Тиімділігін көрсеткен вакциналардың қатарында канадалық ғалымдар жасаған rVSV-ZEBOV деп аталатын дәріні мамандар жоғары бағалады. Сонымен қатар, ресейлік ғалымдар ойлап тапқан вакцина да эбола індетін таралуын тежеген еді. Алайда, эбола дертін жұқтырғандар Африка құрлығында әлі де кездесіп жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сьерра-Леоне елінде 2015 жылдың 7 қарашасынан бері, Гвинеяда 29 желтоқсаннан бері індет жұқтырған адам кездеспегенін мәлімдеген-ді. Бірақ, бүгін BBC бастаған ақпарат құралдары Сьерра-Леонеде қайтыс болған адамның денесінен қауіпті вирус табылғанын хабарлап жатыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу