Ресей үкіметі бірқатар Батыс мемлекетінен келетін азық-түлікке тыйым салғаны белгілі.
Соның салдарынан 140 миллиондық алып нарықта импорттық тауарлардың орны босап қалды.
Мұндай бос кеңістікті ұтымды пайдалану үшін қазақстандық тауар өндірушілердің алды Мәскеу қаласына барып, өз өнімін емін-еркін сата бастады.
Шараны Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілдігі мен Мәскеу үкіметі бірлесіп қолға алған. Қазақ кәсіпкерлері Ресей нарығын зерттеп, өз өнімін жергілікті жұртқа кеңінен таныстыруда.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ