Вашингтон содырларға дәлдеп соққы беруге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон содырларға дәлдеп соққы беруге әзір

20.06.2014
Вашингтон содырларға дәлдеп соққы беруге әзір
Вашингтон Ирактағы жиһадшылардың бекіністеріне дәлдеп соққы беруге әзір. Мұны Ақ үйде өткен баспасөз маслихатында президент Барак Обама мәлімдеді.
 
«Егер қажет болса, бұл турасында АҚШ Конгресімен де, Ирак басшыларымен де кеңесемін», - дейді Обама. Сонымен қатар, ол Бағдадқа 300-дей әскери кеңесші жіберетінін хабарлады.
 
Айта кетсек, сүнниттік содырлар жақында Ирактың солтүстігінде бірнеше қаланы басып алып, қазір ел астанасын бағындыруға күш салып жатыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу