Иранда Пәкістан әуе күштерінен соққысынан 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда Пәкістан әуе күштерінен соққысынан 9 адам қаза тапты

18.01.2024

Пәкістан әуе күштері кек алу мақсатында Ирандағы содырларға соққы бергенін жариялады. Ресми Тегеранның мәлімдеуінше, бұл шабуылдан Иранның Пәкістанмен шекаралас Систан-Белуджистан провинциясында тоғыз адам мерт болған. Олардың үшеуі әйел, төртеуі бала. Екі ел арасындағы шиеленіс күшейіп барады. Сейсенбі күні Иран тарапынан жасалған шабуылдан Пәкістанда екі жеткіншік жан тәсілім етті. Бірақ Иран көрші елде өзіне қастандық жасаған қарулы топтарды нысанаға алғанын хабарлап отыр. 

Хабарламаларға жазылу