Испанияда дағдарыс дүмпуі басылар емес. Қазір Пиреней түбегіндегі елде жұмыссыздық деңгейі 27 пайыздан асты.
Тіршілік қамын ойлаған мықты мамандар өз елін тастап, өзге мемлекеттке көшіп жатыр.
Бүгінде елдің мемлекеттік қарызы 1 триллион еуродан асып жығылады. Бұл ішкі жалпы өнімнің 98,4 пайызы.
Зауыт-фабрикалар жабылып, жұмыссыздардың саны 6 миллионнан асты.
2012 жылы 150 мың, ал 2013 жылы 240 мың испандық жұмыс іздеп шетел асып кеткен.
Нұрсулу ҚАСЫМ