Испания коронавирус құрбандарын еске алып, 10 күн аза тұтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания коронавирус құрбандарын еске алып, 10 күн аза тұтады

27.05.2020
Испания коронавирус құрбандарын еске алып, 10 күн аза тұтады

Испания халқы 10 күн бойы коронавирус құрбандарын еске алып, аза тұтады. Бұл туралы кеше ел үкіметі арнайы шешім қабылдады. Елдегі барлық ғимараттар мен қарулы күштер саласының обьектілеріндегі мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Онкүндік аза тұтудың ең басты шарасына Испания каролі Филипп VІ арнайы қатыспақ.

Эпидемия басталғалы Испанияда 235 мыңнан астам адам вирус жұқтырып, 27 мыңнан аса науқас қайтыс болған.


Euronews

Хабарламаларға жазылу