Дилма Русеф Бразилия халқын қонақтарды жылы қабылдауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дилма Русеф Бразилия халқын қонақтарды жылы қабылдауға шақырды

11.06.2014
Дилма Русеф Бразилия халқын қонақтарды жылы қабылдауға шақырды
Бразилияда футболдан Әлем чемпионатының басталуына 48 сағат қалғанда, президент Дилма Русеф теледидар арқылы халқына арнап, сөз сөйледі.
 
Ол тұрғындарды чемпионат қонақтарын жылы қабылдауға, әдептілік нормаларын сақтауға шақырды.
 
Сонымен бірге, Бразилия басшысы спорттық шараға бөлінген 11,5 миллиард доллар қаражаттың орынды жұмсалғанын мәлімдеп, жаңадан салынған футбол алаңдары, әуежай терминалдары мен басқа да инфрақұрылымдар елге үлкен кіріс әкелетінін жеткізді.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу