Бразилияда екі мыңнан астам отбасы су тасқынына байланысты өзге аймаққа көшуге мәжбүр болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда екі мыңнан астам отбасы су тасқынына байланысты өзге аймаққа көшуге мәжбүр болды

28.12.2015
Бразилияда екі мыңнан астам отбасы су тасқынына байланысты өзге аймаққа көшуге мәжбүр болды

Бұл туралы Globo телеарнасы хабарлайды.

Штаттың 12 муниципалитетінде табиғаттың тосын сыйына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жағдай әсіресе Аргентинамен шекарадағы Уругвайана қаласында ерекше қиын болып отыр. 

Бразилия Президенті Дилма Русеф зардап шеккен аймақтарды аралап көріп, табиғат апатынан қиындық көріп отырған өңірлерге федералды бюджеттен қаржы бөлдіретінін айтып, уәде етті. 

«Бұл мәселені шешу ісіне федералды, аймақтық және муниципалдық билік өкілдерін тарту керек. Адамдардың қалыпты өмірлеріне оралуын жеделдету қажет. Қазір жағдай өте күрделі»,-деді мемлекет басшысы. 

Өздерінің тұрақты орындарын тастап кетуге мәжбүр болып отырған адамдар саны Оңтүстік Американың 4 мемлекетінде яғни, Аргентина, Парагвай, Уругвай мен Бразилияда 160 мың адамнан асты. Нөсер жаңбыр мен борандардың салдарынан  6 адам мерт болған.

Хабарламаларға жазылу