Басты Жаңалықтар Пәкістанда әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Пәкістанда әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Пәкістанда әуежайдың қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасалды
Пәкістанның Карачи қаласы әуежайы екінші күн қатарынан тәліптердің шабуылына ұшырады. Содырлар бұл жолы әуе айлағы маңындағы қауіпсіздік қызметі лагеріне оқ жаудырған.
 
Шабуылдан кейін 10 адамнан тұратын қарулы топ оқиға орнынан ізін суытты. Қақтығыс кезінде 3 полиция қызметкері жараланған. Атыс жүрген ауданды елдің қауіпсіздік күштері қоршауға алып, содырларды іздестіріп жатыр.
 
Қазір әуежай қалпынша жұмыс істей бастады. Ал, бұдан 48 сағат бұрын тәліптер әуежай терминалын шабуылдаған еді. Сол қақтығыста содырларды қос алғанда 27 адам қаза тапты.
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Бөлісу