Үндістанда суға кеткен 24 студент іздестірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда суға кеткен 24 студент іздестірілуде

09.06.2014
Үндістанда суға кеткен 24 студент іздестірілуде
Үндістанда өзен жағасында суретке түспек болған студенттерді су алып кетті. Соңғы мәліметке қарағанда, 24 адам жоғалған.
 
Тағы бесеуінің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға бүгін елдің солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатында болды.
 
Қазір жоғалғандарды іздеу операциясы жалғасып жатыр. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, студенттер өзенге жеткенде, дамба ашылып кеткен.
 
 Апаттан аман қалғандардың айтуынша, су жағасында ешқандай ескерту белгісі болмаған.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу