Әуелде сәрсенбі күні біреулер өткен айда исламшылдарға соғыс жариялаған отставкадағы генерал Халиф Хафтарға қастандық жасаған еді. Жанкешті Абьяр қаласында қудалауға ұшыраған әскербасының штаб-пәтері жанында миналанған көлікті жарған. Соның салдарынан 5 адам қаза тапты. Ал нысанның ішінде болған Хафтардың өзі жапа шекпеді.
Соңғы кездері саяси дағдарысқа ұшыраған Ливияда қос үкімет орнап отыр. Елде Абдалла Әбдүррахман ат-Тани мен бизнесмен Ахмед Майтыг басшылығындағы екі үкімет бар. Майтыгтың кандидатурасын парламент қажетті кворумсыз бекіткен. Ал ат-Тани қызметінінен кетуден бас тартып отыр.
Мадина МҰҚАНОВА