Оның орнына уақытша басшы болып парламент спикері тағайындалды. Сонымен бірге, жергілікті парламент кезектен тыс президенттік сайлауды 24-тамызға белгіледі.
Естеріңізге салайық, Абхазияда мамырдың 27-де оппозиция президент пен үкіметтің отставкасын және реформалар жүргізуді талап етіп, шеруге шықты.
Олардың айтуынша, Анкваб тұрғындардың үмітін ақтай алмады, автономиялық республикада сыбайлас жемқорлық өршіп тұр, оның үстіне сөз бостандығы сақталмайды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ