Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбектің мәліметіне сәйкес, қазіргі күні «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 1 трлн теңгеден астам сомада 1,5 мың бизнес-жоба бар. Бұл – елдегі барлық әлеуетті қатысушылардың шамамен 30% құрайды. Оның ішінде 41 млрд теңгені қамтыған 92 жоба мақұлданды. Ал 280 млрд теңгеден астам 166 жоба банкте қаралып жатыр.
Айта кетейік, осы бағытта Ақмола, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Алматы қаласы белсенді жұмыстар жүргізсе, керсінше Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы немқұрайлылық танытқан.
Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
Тек соңғы айда мақұлданған жобалар саны екі есеге артты. Мақұлданған 92 жобаның 29-ы жаңа өндірістерді құруды, 63-і қолданыстағы өндірісті кеңейтуді көздейді. Аталған жобаларды іске асыру шамамен 2 мың жұмыс орнын құрып, салық түсімін 6,6 теңгеге ұлғайтады.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ