Басты Жаңалықтар Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ

Қатар астанасы Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Катарда 1,5 мың отандасымыз жүр. Олардан ешқандай шағым түспеген. Дипломаттар жағдайды ұдайы бақылауда ұстап, олармен байланыста болады, - деді Бақаев.


Еске салсақ, кеше Израиль Қатар астанасы Дохаға соққы берді. Израиль қорғаныс күштері мұны 2023 жылы қазанның 7-де еврей мемлекетіне жасалған шабуылға қарымта соққы деп атады. Рейтерс агенттігінің мәліметіне сүйенсек, әуе соққысынан 6 адам қаза тапқан. Жарақат алғандар тағы бар. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз.


Жанел Өтеулі


Бөлісу