Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан 10 қадамы көпшіліктің көңілінен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде айтқан 10 қадамы көпшіліктің көңілінен шықты

12.06.2019

Елбасы саясатымен сабақтасқан бұл басым бағыттар елімізді алға жетелеуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қоғам қайраткерлерінен бастап қарапайым халыққа дейін енді айтылған сөздің іс жүзінде жүзеге асуын күтеді.

 

Мемлекет басшысы да бүгін құр сөзге емес нақты іске басымдық беріп, биліктің бүкіл тармақтарынан соны талап ететін айтты.

 

Талас пен тартысқа толы болған саяси науқаннан кейін халық өз таңдауын жасады. Көпшілік тұңғыш Президенттің жолын жалғастырамын деген Тоқаевқа сенім артты. Бүгінгі салтанатты шарада айтқан сөздері де сол сенімді бекіте түскендей.

 

Президент аузынан шыққан әрбір сөз көптің талқылауында. Бұл сайлауалды үгіт-насихат кезінде айтылған бағдарламаның түйіні десе де болады. Жұртшылыққа жаққаны әсіресе Президенттің әлеуметтік саясаттағы ұстанымы.

 

Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың табысын арттыруға күш салып, таяу арада нақты міндеттерді айқындаймыз деп айтқан болатын.

 

Президенттің салтанатты шарада айтқан сөздері жан-жақты, барлық саланы қамтиды. Осылайша жаңадан сайланған Мемлекет басшысы ел билігі алдында үлкен міндет қойып отыр. Сабақтастыққа өрілген бұл саясат қолдағы барды сақтап, биік межелерді бағындыруды көздейді. Жұртшылықтың да қалауы – осы.

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу