Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

26.11.2022

ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев халық алдында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып тұрып.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды.


Хабарламаларға жазылу