Мәжіліс депутаттары ұстаздармен кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары ұстаздармен кездесу өткізді

02.05.2019

Елде болып жатқан саяси жаңалықтармен жақынырақ таныстырып, алдағы болатын сайлауда белсенділік танытып, жаппай қатысуға шақырды. Әсіресе, ұстаздар қауымының мәртебесі мен статусы, әлеуметтік жағдайы туралы айтылды. «Мұғалімдердің тұрмыстық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы білім сапасына тікелей әсер етеді»,-деді төменгі палата өкілдері.

Қазір депутаттар қауымы ел-елді аралап, түрлі заң жобалары бойынша халықтың пікірін тыңдап жүр. «Кез келген мәселе бойынша айтқан ойы болашақта заң шығарғанда ескеріледі», - дейді олар.

Бақытгүл Хаменова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Науқаншылдыққа жегілетін де ұстаз. Газетке жазылатын да ұстаз. Бұл мәселе енді Мәжіліс қабырғасынан бастап, бүкіл мектепте, балабақша қабырғасында да жиі айтылып жүр. Сондықтан да бұл мәселелер де, бұл заң жобасында тетіктерді өз көзіммен көрдім. Баптарда көрсетілген. Ұстаздың нақты атқаратын қызметтері. 00:40 Қолымыздан келгенше, үніміздің жеткенінше жауапты министрлікке әрбіріңіздің айтқан ұсыныңысыңызды жеткізуге біз тырысамыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу