Ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғанына бүгін 2 жыл болды. Осы бағдарлама шеңберінде елімізде 27 орта мектеп, 115 балабақша және 400-ден астам әлеуметтік нысан салынды. Бұл жобалар кәсіпкерлердің қаржысына жүзеге асты. Бүгін Ақордада осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті.
Кеңеске төрағалық еткен Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин екі жыл ішінде атқарылған жұмысқа тоқталды. Ел тарихында алғаш рет шет тілдерден экономика, әлеуметтану, саясаттану, психология және өзге де ғылым салалары бойынша әлемдегі 48 үздік оқулық қазақ тіліне аударылып, басылып шықты. Елдің гуманитарлық білім қоры 2019 жылы тағы 30 құнды кітаппен толықпақ.
Марат Тәжин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
- Қазақ әдебиетінің антологиясын шығарамыз. Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары әлемнің 6 тіліне аударылады.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ