Ұлт жоспарының 100 қадамының 76 қадамы іске асырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлт жоспарының 100 қадамының 76 қадамы іске асырылды

22.12.2021

Бүгін Елордада Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Жиында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау бойынша 2021 жылдың жұмыс қорытындысы баяндалды. Қазіргі таңда Ұлт жоспарының 100 қадамының 76 қадамы нақты іске асырылды. Премьер-Министр Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша одан әрі белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, Ұлттық комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.


Хабарламаларға жазылу