«Нұр Отан»: Халықпен тығыз байланыста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан»: Халықпен тығыз байланыста

27.02.2019

«Нұр Отан» партиясының халықпен кері байланысына тоқталып кетсек. Ол үшін 2005 жылы партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылған. Ал, 2013 жылы жаңа форматтағы «Электронды қоғамдық қабылдау» іске қосылды. 2015 жылы шалғай ауылдардың азаматтарын Skype арқылы қабылдау іске қосылды.

Қоғамдық қабылдау бөлмелері ашылғаннан бері 13 жылда азаматтардан 1,5 млн-нан астам өтініш түскен екен. Алғашқы жылы өтініш саны небәрі 4 мыңнан асса, жыл сайын арызданған адамдардың көбейгені байқалады. Әсіресе, 2014 жылы өтініш тым көп болған. Ол жылы партиядан 380 мыңнан астам адам көмек сұрап келген.

Халықтың арыз-өтініші көбіне-көп жұмысқа тұру, әлеуметтік көмек, тұрғын үйлер мен жер телімдерін алу, коммуналдық мәселелер бойынша түскен екен. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен өзгелерге шағымдар да көп тіркелген.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу