Сот төрағасы қызметіне үміткер енді екі реттен артық тағайындалмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот төрағасы қызметіне үміткер енді екі реттен артық тағайындалмайды

14.02.2019

Осындай өзгерістерді қамтыған «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңды бүгін Сенат қабылдады. Енді судьялар психологиялық тестілеуден және заңдар бойынша компьютерлік тестілеуден өтеді.

«Қазір көп судьялар сауатты жаза да алмайды», - деді Жоғарғы Сот төрағасы. Жаңа құжат бойынша олар қабылданарда бір тақырыпқа эссе жазуы тиіс. Басқа да талаптар күшейтілген. Яғни, тамыр, таныс, бармақ басты, көз қысты жүрмейді. Судьялыққа тек білімділер мен біліктілер өтеді.

Жоғарғы Сот төрағасы бұрын әрбір төртінші үміткер судья болып кетіп жатса, қазір олардың саны 3-ақ пайыз екенін айтты. Бұрын жыл сайын орта есеппен судьялыққа 150 адам қабылданса, былтыр бұл көрсеткіш 5 есе азайды. Жалпы, құжат сот жүйесін реформалауға сеп болмақ.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Сот төрағасы лауазымына үміткерлер баламалы түрде ұсынылуымен бірге, енді талқылаудан өтетін болады.

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу