Орталық сайлау комиссиясы 464 жаңа жұмыс орнын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық сайлау комиссиясы 464 жаңа жұмыс орнын ашты

07.02.2019

Сайлау комисcияларында енді облыс, қала, аудан деңгейінде тұрақты жұмыс істеп, жалақы алатын екі қызметкер болады. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен жылды қорытындылауға арналған жиында айтылды.

Осылайша комиссия құрамы 7 адам болса, оның екеуі жалақы алды. Заң бойынша жергілікті сайлау комиссиялары өз ішінен комиссия төрағасын немесе орынбасарын тұрақты жұмысқа сайлайды. Бұрын бұл жұмыстарды қоғамдық негізде мұғалімдер немесе жергілікті жердегі өзге де мамандар атқарып келген. Жұмысқа кіріскен жаңа қызметкерлердің жалақысы да айтарлықтай жоғары.

Дәурен Ысқақов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының бөлім меңгерушісі:

- Әрбір аумақтық комиссияда екі адам тұрақты түрде жұмыс атқарады. Олар деңгейге бөлінеді. Облыстық деңгейде 250 мың теңге, аудандық деңгейдегілерге 175 мың теңге төленеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу