Атырауда «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламалық жобалары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламалық жобалары талқыланды

28.01.2019

Биыл құрылғанына 20 жыл толатын жетекші партия әлеуметтік реформаларды табысты іске асыруда. Мәселен, 2015 жылы құрылған «ҚазТрансГазАтырау» мекемесі «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, аймақты газдендіру мәселесіне қатысты қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып отыр. Бүгінде аймақта 140-қа жуық бастауыш партия ұйымы тіркелген. Өңірде бағдарламалық жобалар ақпан айының соңына дейін талқыланады.

Әділбек Тұрдалиев, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы:

- Бұл бағдарламаға сәйкес 10 мақсат көзделген. Солардың ішіндегі бастысы - еліміздегі әлеуметтік реформаны одан әрі жылжыту. Бұған партия өзінің үлесін қосуда.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу