Дамудың даңғыл жолына түскен Қазақстан экономиканы ілгерілету үшін тағы бір нық қадам жасады. Елімізде әлеуметтің әлеуетін арттырып, халықтың тұрмысын түзеу үшін ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр. Қилы кезеңдерді еңсере отырып, соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есе өсті. Ал, жаңа «7-20-25» бағдарламасының шарапаты мен шапағатын қарапайым халық көрмек. Депутаттар «Елбасы бастамалары сапалы заңмен қамтамасыз етілуі тиіс», - дейді.
Индира БЕГАЙДАР