Түркиялық сарапшылар: Демократиялық өзгерістер дамуға жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялық сарапшылар: Демократиялық өзгерістер дамуға жол ашады

22.09.2022

Саяси тұрақтылық – ел дамуының негізгі кепілі. Демократиялық өзгерістерге бел буған Қазақстан бүгінгідей алмағайып заманда дұрыс шешімдер қабылдауда. Бұл түркиялық саясаткерлердің пікірі. Әсіресе шетелдік сарапшылар президенттік мерзімнің өзгеруін ел дамуына жол ашатын жасампаз қадам деп баға беруде.

Оғызхан Акиенер, «Тепсам» стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы:

Соңғы айларда Қазақстандағы оң өзгерістерді байқап отырмыз. Әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұрғандықтан, бүгінде мемлекет үшін ең маңыздысы – тұрақтылық. Бауырлас қазақ елінде өтетін биылғы Президенттік сайлау өзгеше болғалы тұр. Себебі алғаш рет Мемлекет басшысы бір мерзімге ғана сайланады. Бұл демократиялық қадам ел дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Мехмет Түркер, «Кызыл елма» стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы:

Қазақстан Президентінің соңғы жолдауы көптеген ерекше бастамаларға толы болды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы - Президенттік мерзімнің өзгеруі. Бұл оңай шешім емес. Дегенмен ел болашағын ойлаған адам қандай қиын болса да осындай демократиялық өзгерістер жасауы дұрыс. Қазақстанға барғанымда жастардың барлығы білімді, ерекше алғыр екендігін байқадым. Сондықтан бұл өзгерістің жемісін алдағы жылдары міндетті түрде көреді деп сенемін.

Хабарламаларға жазылу