Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

06.12.2017

Бүгін қос елдің басшысы телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Екі ел Президенті биылғы жылдың 2 желтоқсанында Астанада қазақ пен қырғыз Үкіметтері бекіткен Жол картасының жүйелі жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтті. Осы мәселеге қатысты Сооронбай Жээнбеков шекарадағы күшейтілген бақылаудың алынуы мен қазақ-қырғыз шекарасының қалыпты режимге көшкені үшін Қазақ басшысына алғыс айтты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков сондай-ақ, алдағы кездесу кестесін, соның ішінде Қырғыз президентінің Қазақстанға сапарын қарастырды. Телефон арқылы болған әңгіме қырғыз тарапының бастамасымен өтті.

Хабарламаларға жазылу