Кедендік шекараларды ашу бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Нұрсұлтан Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендік шекараларды ашу бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Нұрсұлтан Назарбаев

12.08.2015
Кедендік шекараларды ашу  бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы Елбасы бүгін Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен болған кездесуінде айтты.

Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметтерде, Қазақстан мен Қырғызстан президенттері  өңірлік қауіпсіздік мәселелері және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасқандығы айтылады. Мемлекет басшысы Қырғызстан А.Атамбаевтың басшылығымен орнықты даму қарқынын көрсетіп отырғанына назар аударды.

Қырғыз көшбасшысы Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін атай отырып, сапарлап келгені және жемісті ынтымақтастық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты. 

Хабарламаларға жазылу