Бірқатар өндірістік ошақтар мен әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Оның бірі - құбыр жасау зауыты. Бүгін жылына 50 мың тонна құбыр шығаратын кәсіпорынның үшінші цехы іске қосылды. Кәсіпорынның тауарына сұраныс жоғары. Өнім Әзірбайжан, Түрікменстан елдеріне экспортталады.
Енді Украинаға 8 мың тонна құбыр экспорттау жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Жақында миллионыншы тонна жүк жөнелткен «Құрық» портындағы құрылысты та қарқынды. 800 жұмыс орны ашылған портта 12 шақырым теміржол тартылды. Ендігі меже - жылына 6 млн тоннаға дейін жүк өткізу.
Талғат Оспанов, «Құрық порты» ЖШС бас директорының орынбасары:
- Қазіргі таңда паром қатынасы Әзірбайжан мемлекетімен тығыз байланыстамыз. СКЛ Түрікменстан мен Иран бағытын жоспарлап отырмыз. Бізде мұнай өнімдері негізі экспортқа кетеді, қазіргі сезонда астық өнімдері кетіп жатыр, «ҚазАзоттың» тыңайтқыштары кетіп жатыр, көмір, транзитті жүктер кетуде.
Айсара АЙТМАН