Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Алматы облысына барды

28.04.2017

Алматы облысына Премьер- Министр Бақытжан Сағынтаев барды. Басты мақсат - Президенттің халыққа Жолдауын түсіндіру. Үкімет басшысы Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағытында жүктелген міндеттердің орындалуын пысықтап, «Болашаққа бағдар - Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген жобаларды іске асыру жолдарын талқылады.

Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысу əуежайдан басталды. Экспо көрмесі қарсаңында Жетісудың бас əуе қақпасы жаңарған. Үлкен ұшақтар ұшып-қона алатын жағдайға жетті. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласында да оң өзгеріс бар. Шаруалар биыл қант қызылшасы алқабын 9 мың гектарға жеткізіп, 300 мың тоннадан астам өнім алуды көздеп отыр.

Облыс орталығына бүгін көгілдір отын жеткізілді. Үкімет басшысы осы сәттің куәсі болды. Қащір облыстың 30 пайыздан астамы газбен қамтылып отыр.  Алдағы 4 жылда бұл көрсеткіш 50 пайызға жетпек.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу