Халықаралық құжат қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық құжат қаралды

25.10.2017

Қазақстан автомобиль жолдарын дамыту және реконструкциялау бойынша шығындарды тиімді басқаратын болды. Мәселен, «Шетпе-Ақтау» жобасы бойынша үнемделген қаражат есебінен Маңғыстау облысындағы ұзындығы 73 шақырым «Жетібай-Жаңаөзен» жол учаскесі жөнделмек. Бұл туралы Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында белгілі болды. «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралған жиында көлікке жәрдемдесу саласындағы шараларды жақсартуға бағдарланған көлік саясатын қалыптастыру мәселелері де қаралды. Құжат Палата қарауына жіберілді.

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу