Сарышаған полигонының 1 миллион гектары Ресейден қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарышаған полигонының 1 миллион гектары Ресейден қайтарылды

16.02.2016
Сарышаған полигонының 1 миллион гектары Ресейден қайтарылды
Тиісті құжат Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды.

Ресей Сарышаған полигонының 1 миллион гектар аумағын Қазақстанға қайтарып береді. Тиісті құжат Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды.

Сарышаған полигонын жалдау туралы шартқа енген өзгерістерге сай, енді сынақ алаңының бір бөлігі еліміздің шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылмақ. Бұдан былай ол жерлерде жол салынып, тіршілік қалпына келеді. Тіпті, сынақ алаңының астынан пайдалы қазба қоры да табылған.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу