Жаңа Еңбек кодексінің тиімділігі неде? Бүгін Мәжіліс қабырғасында осы тақырыпқа арналған Үкімет сағаты өтті. Еңбек қатынастарын реттеуде қандай кемшіліктер бар? Бұл туралы Парламенттен тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Индира Бегайдар айтып берді.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазіргі таңда Еңбек кодексінің атқарып жатқан жұмыстары баршылық. Оны бүгін министрдің баяндамасынан байқадық. Депутаттар өздерінің сауалдарын қою арқылы нақты жауап алып, өз ұсыныстарын белгіледі. Алдағы уақытта оны Үкімет қарап, Еңбек кодексіне жаңа толықтырулар мен қосымшалар енгізуі мүмкін деген сенімдеміз.
Индира БЕГАЙДАР