Парламент пен Үкімет ғимаратына кіруге шектеу қойылды

16.03.2020
Парламент пен Үкімет ғимаратына кіруге шектеу қойылды

Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Үкімет пен Сенат отырысы онлайн өтеді. 

16 наурыздан 15 сәуірге дейін отырысқа келушілер мен қатысушыларға, БАҚ өкілдеріне Үкімет үйі мен Сенат ғимаратына кіруге шектеу қойылады. Ондағы іс-шаралар Парламенттің жоғарғы палатасының сайты арқылы (ресми аккаунттарда) және primeminister.kz сайты арқылы онлайн көрсетіледі.

Мәжілісте де коронавирустың алдын алу шаралары күшейтілді, алайда депутаттардың заңнамалық жұмыс кестесі өзгерген жоқ. Жұмыс топтары, профильді комитеттердің отырысы, үкімет сағаты, пленарлық отырыстар бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр және әдеттегідей, Мәжіліс сайтында онлайн режимде көрсетілуде.

Хабарламаларға жазылу