2030 жылға дейін мемлекеттік қызметтегі нәзік жандылардың мансаптық тұрғыда жоғарылауы 30 пайызға артпақ. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысында айтылды. Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес лауазымды қызметтегі әйелдердің үлесін көбейту – кез келген мемлекеттің орнықты дамуына ықпалы бар екендігі дәлелденген. Жаңа ғасырға табан тірегелі еліміздегі нәзік жандылардың мемлекеттік қызметтегі үлесі 20 пайызға артып отыр. Биылғы дерекке сәйкес, Қазақстанда 51 мың 151 әйел осы салада еңбек етуде. Ендігі меже тең мүмкіндіктерді қарастыра отырып, мемлекеттік қызметті жаңғырту жолдары. Кезекті кездесудің көздегені де осы.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ