АИ-92 бензині 15 пайызға қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АИ-92 бензині 15 пайызға қымбаттауы мүмкін

21.08.2014
АИ-92  бензині 15 пайызға қымбаттауы мүмкін

Елімізде АИ - 92  бензинінің бағасы 15 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бүгін «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» Акционерлік қоғамының өкілдері  аталған маркалы бензиннің тапшылығына байланысты осындай пікір білдірді.

Белгілі болғандай, АИ - 92 бензинінің 30 пайызы бізге  Ресейден жеткізіледі. Дегенмен, қазір көрші мемлекеттің мұнай өндіру зауыттарының бірінде апатты жағдай болған. Соның салдарынан, бензиннің бағасы бірден қымбаттап кеткен.

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу