«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Кеншілер шаһарындағы бірқатар кәсіпорындар мен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағындағы зауыттардың жұмысымен танысты. Фармацевтикалық көлік-логистика кешені, ескі көліктерді утилизациялау және коммуналдық шаруашылық өнімдерін шығаратын бұл кәсіпорындар бүгінде ел индустриясына еселі үлес қосуда. Жалпы, Қарағанды облысы өнеркәсіптік өнім көрсеткіші бойынша республикада екінші орында. Бұл - мемлекеттік бағдарламалар аясында іске қосылған жаңа инновациялық жобалардың арқасында қол жеткен нәтиже. «Елбасы Жолдауында айтылған жаһанданудың жаңа кезеңінде міндеттелген тапсырмаларды орындауда қарағандылықтар озық келеді», - деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ