Ядролық державалар арасында текетірес күшейіп келеді. Дер кезінде тиісті шара қабылданбаса, күллі адамзатты ажал құштыруы мүмкін. Дәл осы жаһандық өткір мәселе ертең Астанада өтетін 62-ші Пагуош конференциясында талданбақ. Халықаралық жиынға әлемнің 46 елінен 200-ден астам делегат қатысады. Олар – сөзі өтімді саясаткерлер, аузы дуалы сарапшылар және осы салада еңбек етіп жүрген ғалымдар. Қуатты қаруы бар елдер, қазір бір-біріне ядролық күшімен сес көрсетуін жиілетті. Бір-ақ сәтте жарылыс жасауы мүмкін. Ал, мұндай жойқын қару әлемнің 9 елінде бар. Жаһанды жайлаған террористік ұйымдар да қарап қалмай, осы жарақты иемденуге барын салуда. «Сондықтан, жан-жақтан келер қауіп көп. Әлем болып осы қатерге қарсы тізе қоспай, жер бетінде тыныштық жоқ», - дейді конференцияға қатысушылар.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ