Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош конференциясы аясында бірқатар кездесулер өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош конференциясы аясында бірқатар кездесулер өткізді

28.08.2017

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының Астанада өтіп жатқан 62-ші конференциясының аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. 
Ғылым және халықаралық істер жөніндегі Пагуош ғалымдар қозғалысының президенті Джаянт Данапаламен кездесуде конференция ядролық қақтығыстардың туындау қаупін төмендету жолдарын іздестіруде жаңа серпін бергені атап өтілді. Данапала пікірсайыстардың мазмұндылығын және осы форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, сондай-ақ6 осындай ауқымдағы конференцияны Астанада өткізгені үшін Қазақстанға алғыс айтты. 

 

Хабарламаларға жазылу