Қаржы министрлігі Астананың сол жағалауына көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы министрлігі Астананың сол жағалауына көшеді

16.08.2017

Қаржы министрлігі Астананың оң жағалауынан сол жағалауына көшеді. Бүгін «Мемлекет және бизнес әріптестігі» форумында Кірістер комитетінің өкілі Жамбыл Сұрағанов осылай деді. Енді ел арасында «доллар» атанып кеткен ғимаратқа Мемлекеттік кірістер комитеті жайғасады. Ғимараттың жалпы аумағы 32 мың шаршы метр. Ол 1999 жылы қолданысқа берілген еді. Сондай-ақ, 2025 жылы салықтан түсетін кіріс Жалпы ішкі өнімнің 25 пайызын құрауы тиіс. Қазір жиналатын салық көлемі 7 трлн. теңге. Енді 8 жылдан соң оның көлемі 18 трлн. теңгеге жуықтайды.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу