Бірыңғай ұлттық тестілеуде жоғары балл алған күннің өзінде Астанадағы жоғары оқу орындарына түсу қиын. Себебі, талапкерлердің басым бөлігі бас қалаға ағылады. Жалпы жоғары оқу орындарына студенттерді қабылдау тәртібі мен гранттарды үлестіру үкімет деңгейінде талқылауды қажет етеді. Атқарушы биліктің бүгінгі кезекті отырысында жаңа оқу жылына дайындық мәселесі пысықталды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ