Нұрсұлтан Назарбаев Швеция Королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Жеделхатта Стокгольмдегі террорлық акт салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Біз Швеция халқы мен үкіметінің халықаралық терроризмге қарсы тұру ниетін қолдаймыз. Қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.