Бүгін бірнеше аймақтың басшысы ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін бірнеше аймақтың басшысы ауысты

14.03.2017
Бүгін бірнеше аймақтың басшысы ауысты

Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақанұлы Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Ол басқа қызметке ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы қызметінен босатылды.

 

Ал, бұған дейін Қарағанды облысын басқарып келген Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

 

Сондай-ақ, бүгін Маңғыстау облысының әкімі ауысты. Аймақтың жаңа басшысы болып бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып келген Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов тағайындалды.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу